Маңғыстау облысының мәдениет басқармасының Маңғыстау облыстық филармониясы

1975 жылы сәуір айында құрылған Маңғыстау облыстық филармониясы 2008 жылы 2 қазандағы № 1 320-шы Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулысы негізінде күйші Мұрат Өскінбаевтың аты берілді. Бүгінде өлкен өнерінің өркендеуіне өз үлесін қосып келе жатқан өнер ордасында 5 кәсіби ұжым, яғни: - Абыл Тарақұлы атындағыи ұлт-аспаптар оркестрі, «Ақжарма» ансамблі Кіші симфониялық оркестр, Камералық ансамль және Би тобы қызмет етеді.